«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Многопрофильный инновационный колледж при управлении образования Акмолинской области».

Рухани жаңғыру

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА «СӘКЕН  СЕРІ  ЖҮНІСОВТЫҢ ӨНЕГЕЛІ  ҒҰМЫРЫ» АТТЫ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТУДЕ

Өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 8-12 қараша аралығында қазақ жазушысы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық арасында өзінің көпқырлы таланты үшін «Сәкен-сері» ретінде танымал Сәкен Жүнісовтың еңбектеріне арналған кезекті «Адалдық сағаты» өткізеді.

Тоқсан сайынғы акцияның негізгі мақсаты жас ұрпаққа белгілі ұлы тұлғалардың еңбектері арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру болып табылады.

Сәкен Жүнісов жан-жақты, ақылды, өнердің түрлі саласынан өзін танытқан тұлға. Ол өлең жазған, ән айтқан, домбыра ойнаған, сурет салған.

Әдебиет майталманы елдегі мәселеге еш уақытта бейжай қарамаған. Өз  заманында ол мансап пен атаққа қызықпаған. Жоғары шенге қашан да өзін емес, оған лайықты өзге адамдарды ұсынған, өйткені халық перзенті әрдайым әділдік пен адалдықты ту еткен шыншыл тұлға болды.

Сәкен сері өз заманындағы әділетсіздікті туындыларына арқау етіп, көрсете білген. Оның ұлттық өнерге, салт-дәстүрге, елге, жерге мен ана тілге деген махаббаты «Жапандағы жалғыз үй»,  «Ақан сері» романдары мен «Заманай мен Аманай» повесі сияқты үш ірі туындысынан байқалады.

Сәкен Жүнісов адамгершілік ұлылығы бар тұлғаларды ұнататынын айтқан, және дәл осындай тұлғалармен біз оның «Дом степи» романында танысамыз.

Дүниетанымы кең және философиялық топшылау деңгейі жоғары қаламгер жастар өміріне көбірек ден қойды. Сәкен Жүнісов сияқты қазақ халқының біртуар тұлғалары қазіргі жастар үшін үлгі болып табылады. Қазіргі ұрпақ адалдықтың ақ жолымен жүріп, халық перзенттерінен ұлтын сүюді, еліне адал қызмет қылуды үйренсе,  келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болары сөзсіз.

Бейне-дәріс облыстық телеарнада көрсетілуде, сондай-ақ, Youtube арнасында, Департаменттің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында орналастырылған. Аталған акцияға өңірдегі 555 мектептің, 4 ЖОО-ның және 32 колледждің оқушылары қатысты.

 

«Игі істер автобусы»

«Игі істер автобусы» акциясының жалғасында «Аяла» еріктілер клубының белсенділері «Үміт-Шаңырақ» пансионатында болып,пансионат аумағын  тазалап, қысқы мерзімге дайындауға қолғабыстарын тигізді 

Ұлы Отан соғысының ардагері Байкенов Айдархан Байкенұлын еске алуға арналады

 

 


Ұлы Жеңіс қарсаңында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының курсанттары АӘДжТ пәнінің оқытушысы А.Битановтың жетекшілігімен Красный ауылының қаза тапқан жауынгер-жерлестердің  құрметіне орнатылған обелискке гүл шоқтарын қойды.


Осындай жылы және шуақты, көктемгі ауа-райында, ғашықтар күніне орай колледж студенттері арасында "Jas Otan" ЖҚ және Көкшетау қ.ЖРО ұйымдастыруымен "Қозы Көрпеш пен Баян сұлу"эпосының кейіпкерлеріне арналған тамаша іс-шара өтті.
Бірінші курс студенттері Капаров Денис және Аяпберген Томирис белсенділік көрсетіп "үздік спорттық жұп" номинациясына ие болды. 
Бұндай мағынасы зор, мазмұны терең іс-шаралардың бүгінгі жастарымыз үшін пайдасы мол, әрі жақсы тәлім-тәрбие берері анық.


«Әйтеке би: парасат биігі мен сөз құдіреті» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»

Әділдік, парасаттылық қағидаттары және дала данышпаны, Қазақ хандығының көрнекті саяси қайраткері Қазыбек бидің дана сөздері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатына» арқау болды.

Қаз дауысты Қазыбек би – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тұлға.

Қазыбек бидің өмірі жанкешті істер мен батыл шешімдерге толы болды.

Ол реформатор, шешен, дипломат-бітімгер.

Парақорлық пен әділетсіздікті – қазақтың түбіне жететін ауыр дерт. Оны тек таза ниет пен адал істермен жеңуге болады, деді ол.

Қазыбек би үшін адамгершілік, ең жоғарғы адами құндылық ретінде бірінші орында тұрды. Мысалы «Өркенім өссін десең, кекшіл болма –кесапаты тиер еліңе. Елім өссін десең, өршіл болма – өскеніңді өшірерсің», «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос» деп айтып, әр қабылданар шешім мен істің тек бір адамның ғана емес, тұтастай елдің тағдырына әсер ететінін жеткізген.

Қазыбек би бір оқ атпай, артық қантөгіссіз ең күрделі мәселелерді шеше алған.

Ең мықты хандар мен қасарысқан жаулар да оның сөзіне құлақ асқан, өйткені Қазыбек би оларды сөзі мен даналығымен таң қалдырған. Оларды жүректеріне жеткізіп айта білген.

Ол сондай-ақ бытыраңқы қазақ руларын біріктіріп, бейбітшілік пен келісімге шақырды. Өзінен кейін халқы өмір сүрген әділ заңдар қалдырды.

Тапқырлық, шешендік, шыншылдық – адалдық сабағында қозғалған Қазыбек бидің үш қасиеті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды.

«Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы онлайн-бейнедәріс барысында жастар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты.

Соның негізгілері: ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі.

Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге.

Төле бидің өмірі дүниеге жаңа қадам басқан жастардан бастап, ересек тұлғаларға дейін рухани ұстаным бола алады.

Заманын болжай білген Төле би «Алдыңа келсе бітпес дау, әділін айтып қорғаңыз» деп әділдікті ең басты құндылық ретінде ұстанады.

Сондықтан да бабамыздың әрбір сөзі тәрбиелік мәні зор адамгершіліктің алтын қоймасы іспеттес.

Төле би әр істе ұятты ұмытпауға шақырады. Жаман қасиеттерден алшақ болуға, еңбексүйгіштікке үндейді: «Жас адамға басты кесір – еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышылдық, кенже кесір – тілазарлық» деп жағымсыз қасиеттерден сақтандырады.

Төле би бабамыздың ізгі әрекеттері мен биік болмысы, даналығы мен тапқырлығы, қара қылды қақ жарып айтар туралығы, әділ шешімі мен билік кесімдері елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиіс.

Дана бидің ұрпағына аманат еткен асыл сөздері нағыз ақиқат пен парасаттылықтың ұшқыны ретінде «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатқандай.

Естеріңізге сала кетсек, Агенттікпен жастар арасында парасаттылық пен патриоттық сезімді нығайту мақсатында, әр апта сайын атақты тұлғалар мен Қазақстанның жас көшбасшыларының еңбегі мен өмір жолына негізделген онлайн «Адалдық сағаттары» өткізілуде.

"Әділет" дебат клубының жетекшісі Карбаева Л.Ж бірінші курс студенттері арасында алғашқы отырысты өткізді. Отырыс барысында білім алушылар клуб жоспарын талқылап, өз ұсыныстарын енгізді, ойларымен бөлісті. 

Экология және біз

Қазақстанның 100 ұлттық тағамы

Колледж студенттерінің Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы бойынша виртуалды 3D туры.

2020 жылдың қыркүйек айында бекітілген кестеге сәйкес, "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы, сондай-ақ "JASTAR KZ" жобасы аясында агротехникалық колледждің 1 курс студенттері Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы бойынша виртуалды 3D турға қатысты.
Экскурсия барысында студенттер өлкенің тарихи ескерткіштерімен , өлкенің тарихы, археологиясы, этнографиясы, табиғаты мен мәдениеті бойынша мұражай коллекцияларымен танысты. Бүгінгі таңда облыстық  мұражайда 83 000-нан астам экспонат бар, олардың ішіндегі ең үздіктері экспозициялық залдарда ұсынылған.
Студенттер ұлттық салт-дәстүрлерді бейнелейтін экспонаттарды көріп, туған еліміздің тарихы туралы көп нәрсе білді.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде өткенді еске алу-мәдени жорықтың негізгі мақсаты. Студенттердің алдына қойылған мақсатқа қол жеткізілді және жақсы пікірлермен тәжірибе алмасу болды деп айтуға болады.

https://akmomuzey.kz/upload/3dtur/1/AqmolaMuseum3D/index.html сілтеме бойынша Сіз Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы бойынша виртуалды 3D-турдан өте аласыз


 

https://youtu.be/as4awz1c5iQ

https://youtu.be/as4awz1c5iQ

https://youtu.be/lLhfecYvJ_g

Жаңартылған күні: 24.10.2019 12:57
Құрылған күні: 12.11.2021 10:40

Ұйымдар тізімі
Текст