«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Многопрофильный инновационный колледж при управлении образования Акмолинской области».

Балалар мен жасөспірімдерді қауіпті референтті ойындарға тартылуының алдын алу бойынша ЖАДЫНАМА (ата-аналар үшін)

Құрметті ата-ана!

      

Балалардың өміріне қауіп төндіретін  (Көк кит «Синий кит» және басқа) әлеуметтік желідегі ойындар ересек адамдарда қорқыныш  тудырады, ол барлық балаларға, сонымен қатар бұл ойынға қосылмағандарға да беріледі. Қорыққан балаларда қорқыныш, үрей және басқа да эмоциялық жағдайлар дамуы және жандануы мүмкін.

Сондықтан, бірінші кезекте балаларға суицид қазіргі кезде ересектердің бақылауында екенін, олар  қызмет міндетінен және жеке жауапкершіліктен ойынды ұйымдастыратындарды бақылап отыратынын және оларға мемлекетіміздің аймағына кіруге жол берілмейтінін түсіндіру қажет.

Қазіргі кезде балалардың түсінігі бойынша шынайы және виртуалды кеңістіктің географиялық шекарасы шексіз. Олар қауіпті бізге қарағанда басқаша сезінеді.

Осыған байланысты:

  1. Ең алдымен өзіңіз сабырлық сақтаңыз, осылайша балаларыңызға үлкен адамның осындай жағдайда сабырлы және сенімді болатынын көрсетіңіз.
  2. Балаңыздың  телефонындағы және әлеуметтік желідегі барлық байланыстарды қадағалаңыз және тазартыңыз (олармен бірге).
  3. Мүмкіндік болса телефон нөмірлерін және электрондық мекен-жайларын балаңызбен бірге ауыстырыңыз, немесе мүлдем өзгертіңіз. Компьютерші мамандармен ақылдасыңыз.
  4. Компьютерге патологиялық тәуелелді болу үшін  виртуалдық әлемде тәулігіне 1,5 сағат болу жеткілікті екенін есте сақтаңыз. Интернетте қашан және қанша уақыт отыратындығы  туралы өз балаңызбен клісіңыз.
  5. Өз балаңызға және оның достарына шағын  сауық кешін ұйымдастырыңыз. Шынайы қарым-қатынас және бірге уайымдау мұндай жағдайды бірлесіп жеңуге көп көмегін тигізеді.
  6. Балаңызбен бірге жан толғанысын және уайымды ортақтастыратын фильмдер көріңіз.
  7. Әр баланың оны тыңдай білетін және өзі үшін және жақындары үшін қорқатынын түсіндіре алатын, қиын жағдайда қысылмай көмек  сұрай алатын ересек адамы болуы керек (ата-анасының біреуі, ағасы және әпкесі, немесе отбасының басқа да мүшелері). Ол кез келген дұрыс пікірлі адам бола алады. Соның бірі болыңыз.
  8. Жоғарыда айтылған белгілер анықталған кезде сынып жетекшісін және полицияға хабарласуыңыз қажет.
Жаңартылған күні: 06.10.2020 13:21
Құрылған күні: 06.10.2020 12:59

Ұйымдар тізімі
Текст